Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және қарсы күрес жөніндегі орталығы дербес мекеме ретінде 1989 жылдың 1 қыркүйегінде облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 1989 жылғы 25 тамыздағы № 486 бұйрығымен ұйымдастырылды.
АИТВ-мен ауруға байланысты бүкіл кезең ішінде ЖИТС қызметінің қалыптасуын 4 кезең түрінде ұсынуға болады:1 - кезең 1989 – 2002 ж.ж. – дайындау және қалыптастыру, тәжірибе жинақтау, басқа өңірлердегі АИТВ-инфекциясы жағдайларынан сабақ алу, семинарлар мен әдеби дереккөздер.
Орталықтың бірінші басшысы жоғары санатты дәрігер-эпидемиолог Федор Федорович Фесенко болды. Оның басшылығымен алғашқы штаттық кесте жасалып, зертхана, эпидемиологиялық, емдеу-алдын алу, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдер ұйымдастырылды.
2-кезең 1996 – 2000 ж.ж. (2000 ж. мамыр) – спорадикалық сырқаттанушылық – 13 жағдай.Павлодар облысында АИТВ-инфекциясының алғашқы жағдайы 1996 жылдың желтоқсанында тіркелді, бұл Теміртау қаласының АИТВ-инфекциясы ошағынан келген инъекциялық есірткіні тұтынушы болды.
3-кезең 2000 ж. мамыр 2001 жылдың соңына дейін-эпидемиялық тарау (422 жағдай).
4-кезең 2002 – 2023 ж.ж. – АИТВ – инфекциясымен сырқаттанушылықтың тұрақтануы.
Эпидемиялық тарауының тұрақтануы кезеңінде орталықтың басшысы профессор С. Б. Иманғазинов болды. Басшының ғылыми көзқарасы арқасында Павлодар облысының денсаулық сақтау мамандарының АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша 3 кандидаттық диссертациялар қорғауларына мүмкіндік туғызды. 2003 жылы оның бастамасымен біздің орталықтың жұмысы туралы кітап жарық көрді. Емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі М. Е. Сорокина, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін 2010 жылы «Әйелдердегі АИТВ-инфекциясы: клиникалық-иммунологиялық аспектілері және медициналық көмекті жетілдіру (Павлодар облысының мысалында)» диссертациясын қорғады.
Жұмыс тәжірибесін қорытындылау нәтижесі біздің мамандардың авторлығына арналған баспа басылымдары болды.
Қызмет еткен жылдар ішінде Павлодар орталығына Республикада алғашқылардың бірі болып пилоттық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін кәсіби кадрлар қалыптасты:
- АИТВ-инфекциясын электронды бақылау (2002 жыл);
- Американдық халықаралық денсаулық сақтау одағының қолдауымен тік берілу жолының алдын алу бағдарламасы. ҚР - да бірінші болып АИТВ жұқтырған әйелдерді босандыру кезінде жоспарлы гемостатикалық кесарь тілігі енгізілді. Осының арқасында АИТВ-позитивті әйелдерден туған сәбилердің жұқтыру деңгейі 3,5 есеге жуық төмендеді;
- «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша ОАТ (метадон) алатын пациенттерге қызметтер кешенін көрсету бойынша (2015 жыл);
- АҚШ-тың (CDC) АИТВ/ЖИТС-пен күрес жөніндегі ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының жаһандық бағдарламасы шеңберінде АИТВ-инфекциясына халықты тексерудің ұлттық тіркелімінің жүйесі әзірленіп, енгізілді (2017 жыл).
2008 жылдан 2015 жылға дейін орталықтың бас дәрігері А.Н. Жапарбеков болды.
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 97/2 қаулысымен «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және қарсы күрес жөніндегі орталығы» КМҚК «Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» КМҚК болып өзгертілді.
2015 жылдан бүгінгі күнге дейін орталықтың жетекшісі Тентекпаев Ж.М.– жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушы.
Орталықтың 2 бөлімшесі (Екібастұз, Ақсу қалаларында), 2 Достық кабинеті, 15 сенім пункті (12 стационарлық, оның 9-ы қалалардың медициналық ұйымдарында орналасқан, 3-і жылжымалы) бар.
Әдістемелік және алдын алу іс-шараларды ұйымдастыру бөлімнің қызметі: орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне, медициналық, ведомстволық және қоғамдық ұйымдарға аймақта ЖИТС іңдетіне қарсы іс-қимыл бағдарламалары бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету; орталық қызметінің құқықтық қамтамасыз етуі, АИТВ-жұқпасы бар адамдарға заң бойынша көмек көрсету.
АИТВ-жұқпасына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу бөлімнің қызметі: АИТВ/ЖИТС-қа эпидемиологиялық қадағалау жүргізу; АИТВ-жұқпасы бар және ЖИТС-пен ауыратын адамдардың есебін жүргізу; халықтың АИТВ-ға тексерілуін ұйымдастыру.
Емдеу-алдын алу көмек бөлімнің қызметі: АИТВ-жұқпасы бар адамдарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға мамандандырылған амбулаториялық көмек көрсету; медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік кеңес және клиникалық көрсеткіштері бойынша АИТВ-ға тест өткізу мақсатымен құрамды тандау үшін диагностика, емдеу, психо-әлеуметтік кеңес беру бойынша көмек беру.
Диагностикалық зертхана бөлімнің қызметі: облыс тұрғындарын АИТВ-ға қарсы денелердің бар болуына скринингін өткізу; АИТВ-жұқпасы бар адамдардың В, С гепатиттеріне және ЖИТС-жұқпаларына зерттеуін өткізу, АИТВ-жұқпасы бар адамдардың клиникалық-биохимиялық зерттеулерін өткізу.