Меню KDT

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Әнұран-мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. "Әнұран" терминінің өзі гректің "gimneo" сөзінен шыққан және "салтанатты ән"дегенді білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси шоғырландыру және этномәдени сәйкестендіру үшін маңызды дыбыстық рәміз ретінде әрекет етеді.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында елдің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендікке ие болғаннан кейін 1992 жылы Қазақстан гимнінің музыкасы мен мәтініне конкурс жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша, алғашқы Қазақстандық әнұран музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Үздік мәтінге арналған байқауда белгілі ақындар: Музафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дарибаева ұсынған авторлық ұжым да жеңіске жетті.

Елдің дыбыстық рәміздерін дәріптеу мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі халық арасында танымал "Менің Қазақстаным" патриоттық әні болды. Оны 1956 жылы Шәмші Қалдаяқов Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдеріне жазған. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұранның жоғары мәртебесін және салтанатты дыбысталуын беру үшін бастапқы мәтінді пысықтады.Қазақстан Парламенті 2006 жылғы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында "Мемлекеттік рәміздер туралы" Жарлыққа тиісті түзетулер енгізіп, елдің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.


Файл:Kazakhstan National Emblem.png — Википедия

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Построчный перевод текста Государственного гимна Республики Казахстан:

В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.

Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.