АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мақсаты профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізу, АИТВ-инфекциясын диагностикалау және емдеу болып табылады.
- АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету;
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша халыққа тексеру және консультация беру;
- Шет елдерге шығу үшін АИТВ-ға сертификаттар беру;
- АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізеді;
- Халықтың негізгі топтарына сенім пункттері мен достық кабинеттерінде профилактикалық және медициналық-әлеуметтік көмек (жеке қорғану құралдарын беру, жыныстық жолмен берілетін инфекцияны диагностикалау және емдеу);
- АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға ТМККК шеңберінде медициналық көмек;
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға, халықтың негізгі топтарына психоәлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беру;
- ТМККК шеңберінде қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес АИТВ-инфекциясы бар науқастарға динамикалық бақылау;
- АИТВ-инфекциясын емдеу және профилактикасы үшін антиретровирустық препараттарды ұсыну;
- Амбулаториялық жағдайда АИТВ-инфекциясы бар ересектер мен балалардағы қайталама, оппортунистік аурулардың химиопрофилактикасы және оппортунистік ауруларды емдеу (пневмоцисттік пневмония, герпес инфекциясы, токсоплазмоз және кандидоз);
- ТМККК шеңберінде АИТВ-инфекциясының және АИТВ-мен байланысты аурулардың диагностикасы, емдеу тиімділігінің зертханалық мониторингі және зертханалық зерттеулер;
- ТМККК шеңберінде жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі көрсетілімдер болған кезде антиретровирустық профилактикаға халықтың қолжетімділігі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Анықтама телефоны: (87182) 65-05-29, 8 771 819 1940