Достық кабинеті – еріктілік және құпиялылық қағидаты бойынша тегін негізде АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және халықтың негізгі топтарына профилактикалық және емдеу-диагностикалық көмек көрсетудің арнайы ұйымдастырылған пункті.
Халықтың негізгі топтары - өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары қаупіне ұшыраған халық топтары (инъекциялық есірткіні пайдаланатын адамдар, секс қызметкерлері,ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар).
Достық кабинетінде көрсетілетін қызмет:
Халықтың негізгі топтарын АИТВ-ға шұғыл-тестілеу әдісімен тексеру;
- Халықтың негізгі топтарын және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексеру;
- Тестке дейінгі және кейінгі кеңес беру, сондай-ақ АИТВ жұқтыру қаупін азайту мәселелері бойынша халықтың негізгі топтарына кеңес беру;
- Қажет болған жағдайда ЖЖБИ емдеу тағайындалады, емдеуді бақылау, АИТВ-инфекциясының алдын алу жүргізіледі.
Барлық сауалнамалар анонимді және құпия түрде бірегей сәйкестендіру кодын (БСК) тағайындау арқылы тегін жүргізіледі.
Павлодар қаласындағы Достық кабинеті: ак. Бектұров көшесі, 50А, «Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы», 3- кабинет.
Екібастұз қ.: Торайғыров к-сі, 32, 20-кабинет.
Жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, түскі ас сағат 13.00 – ден 14.00-ге дейін.