Меню KDT

Жаналықтар

poster

АИТВ-инфекциясымен күресу мәселелеріндегі жоғары кәсібилігі үшін

ДүниежүзілікЖИТС-ке қарсы күрескүніқарсаңындабүкіләлем бойынша АИТВ-мен байланыстықызметтіқолдайтынҚазақстандағыiCAPхалықаралықұйымыныңкеңсесіөңірде«Жәрдемдесу»жобасын іске асыруғаПавлодароблыстықАИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының қосқан үлесін атап өтіп, ұжымғаалғысхатжолдады.

Орталықтың тағы үш инфекционист дәрігері – А.Морозовский, И.Сорокина мен Н. Оразов жоғары кәсібилігі, адалдығы және АИТВ-инфекциясы саласындағы алдын алу, диагностикалау, емдеу және күтім жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін осындай алғыс хаттарды алды.

Назарларыңызға, Павлодар облысында ICAP халықаралық ұйымымен ынтымақтастық он жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. «Жәрдемдесу» жобасын іске асыру АИТВ-ға байланысты қызметті мониторингілеу және бағалау жүйелерін күшейтуге, сондай-ақ АИТВ-ны емдеу, күту және алдын алу бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған. Жоба аясында – АӨА-ның күтім жасау және АИТВ-ны емдеу режимдеріне қол жетімділікті арттыруға және бейілділікті жоғарылату мүмкіндік беретін инновациялық тәсілдерді әзірлеу және сынақтан өткізу іске асырылуда.