Меню KDT

Жаналықтар

poster

Мемлекеттің басты міндеттері – халықтың әл-ауқатын арттыру

Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі  орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына толық қолдау білдіруде.

Елбасы өз Жолдауында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл – ауқатын арттыру - мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті.

Денсаулық сақтау саласында ұлт денсаулығын нығайту және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жаңғырту үшін кешенді шараларды іске асыру жоспарлануда.

Тәжірибе көрсеткендей, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстардың айтарлықтай түсуіне ықпал етті және жеке медицинаға пайда әкелді.

Президенттің тапсырмасы бойынша бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін  медициналық көмектің бірыңғай базалық топтпмасы қалыптастырылатын болады. Оның үстіндегі барлық нәрсе сақтандыру жүйесі арқылы төленеді. Бұл ретте мұндай елеулі өзгерістерді цифрландыруды дамытусыз табысты іске асыру мүмкін емес.

– Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру қажет. Ол меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын барлық денсаулық сақтау ұйымдары үшін деректердің түпкілікті бақылауы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс, – деп атап өтті Президент.

Отандық денсаулық сақтау саласының алдына мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы ресурстарды белсенді тарту міндеті қойылды.

Бұдан басқа, алдағы міндеттер саласында – кадрлар тапшылығы мәселесін шешу, медициналық білім беру сапасын жақсарту, оның ішінде гранттардың сараланған мөлшерін енгізу және оларды білім беру процесінің деңгейіне қарай бөлу жоспарлануда.

Балалар мен жастарды тәрбиелеу, халықтың денсаулығын нығайту мақсатында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылатын болады. Президент Үкімет пен депутаттарға осы саладағы заңнаманы жаңартуды тапсырды.

Ұйымшылдық, өзара қолдау және сыйластық - қиындықтар мен сынақтарды жеңудің кілті. Осы күрделі кезеңде біз өз бірлігімізде нығая түсуіміз керек, Президентімізді Әділетті Қазақстанның, баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекеттің құрылысында қолдауымыз керек.