Меню KDT

Жаналықтар

poster

Павлодар облысында АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай

Павлодар облысында АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда. Бірінші жартыжылдықта өңірімізде ңірде 2710 АИТВ-позитивті азамат тұрады.

Ең көп саны Павлодар қаласында – 1961 адам, Ақсу қаласында – 299 және Екібастұз қаласында – 224 адам тіркелген. Олардың 60% – дан астамы 30-39 жас аралығындағы ер адамдар.

Ағымдағы жылдың 6 айында өңірде АИТВ-инфекциясының 126 жаңа жағдайы тіркелді. Павлодар қаласында – 82 адам, оның ішінде 54 ер адам және 28 әйел, Екібастұз қаласында – 20 адам, оның ішінде 14 ер адам және 6 әйел тұрады және емделеді, облыс аудандарында бірлі-жарым жағдайлар кедеседі.

Антиретровирустық терапия (АРВТ) – бұл АИТВ-инфекциясын емдеудің жалғыз тиімді әдісі. Қазіргі уақытта АИТВ-инфекциясын тегін емдеу Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді. Уақтылы медициналық көмекке жүгінген және емдеу режимін сақтаған жағдайда, адам өте ұзақ, толыққанды өмір сүре алады, отбасы және балалары сау болады.

 АИТВ эпидетінің кеңеюіне қарамастан, инфекцияны болдырмауға болады. Алдын алу ережелері қарапайым, бірақ сенімді. Өзіңізді аурудан толық қорғау үшін жыныстық қатынас кезінде презервативтерді қолдану жеткілікті; стерильді медициналық құралдарды қолдану, мінез-құлықта АИТВ жұқтыру қаупімен байланысты жағдайларды болдырмау.