Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын – алу салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарға негізделген
Бүгін репродуктивті денсаулық апталығы аясында "Almaz Medical Group" ЖШС жастар орталығында (Павлодар қаласының №2 емханасы) жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті.
Облыстық АИТВ орталығының инфекционист дәрігері Е. Жүнісбеков "Ертіс" телеарнасына сұхбат берді, сондай-ақ келушілер үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша презентация өткізді, өңір бойынша статистиканы айтты.
Кездесу барысында спикер АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алудың маңызды шарасы салауатты өмір салты болып табылатынын, оның негізінде қауіпті мінез-құлықты болдырмайтын отбасылық құндылықтар негізделгенін атап өтті.
Павлодар қ.және Екібастұз қ. №3 емханаларының медициналық орталықтарында ЖЖБИ алдын алу бойынша консультациялар ұйымдастырылды, оның ішінде АИТВ-инфекциясы, келушілер тегін тексеріліп, АИТВ-ға сілекей экспресс-тестілеуден өте алды.