Меню KDT

Жаналықтар

poster

Өзіңізден бастаңыз, басқаларды шабыттандырыңыз!

Павлодар қаласының орталық жағалауында есірткі заттарын теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні аясында іс-шара өтті. Акцияны Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Іс-шара аясында жеңілатлетикалық марафон, квест-ойын, сондай-ақ жастарға арналған "Есірткіге жоқ деп айт!».

Кең ауқымды іс-шараға облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қатысты. 

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан квест-ойын барысында АИТВ қалай берілетіні немесе берілмейтіні жіктемесі бойынша жауаптары бар карточкаларды орналастыру қажет болды. 60-тан астам адам, барлығы 7 команда қатысты. Павлодарлық "Скауттар" командасы барлық сұрақтарға қатесіз жауап бере отырып, ең көп ұпай жинады.

Айта кету керек, жастар масалардың шағуы қауіпті және емшек сүтімен емізу қауіпсіз деп санай отырып, АИТВ-ның таралу жолдары туралы жиі хабардар емес.

Квест-ойынның осы кезеңінің басты міндеті қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы түсіндіру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, жыныстық қатынастар мен қауіпті мінез-құлықты болдырмайтын отбасылық құндылықтарды өзара қарым-қатынастың негізі ретінде алу болды.