Павлодар облысында халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар жалғасуда
Өткен демалыс күндері Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен «Batyr Mall» сауда үйінде Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері ұйымдастырған есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес Халықаралық күніне орайластырылған акция өтті.
Акцияға Павлодар облысының АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының мамандары қатысты, өйткені АИТВ-позитивтердің жартысынан көбі инъекциялық есірткіні тұтынушылар болып табылады.
Сауда үйіне келушілер АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша кеңес алып, АИТВ-инфекциясына тегін сілекей шұғыл-тестілеуден өтіп, жеке қорғаныс құралдары, парақшалар мен брошюраларға ие болды.
Бұл шара нашақорлық проблемасына және жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуына назар аударуға, халықпен профилактикалық жұмысты жандандыруға, сондай-ақ салауатты өмірді насихаттауға бағытталған.