Меню KDT

Жаналықтар

poster

АИТВ-инфекциясы мәселелеріне жауапты мамандарға арналған оқыту семинары

Павлодар облыстық АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталығы онлайн режимінде АИТВ-инфекциясы мәселелеріне жауапты емханалар, стационарлар, медициналық орталықтар, аудандық ауруханалар, жеке медициналық ұйымдар мамандары үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында пациенттерді тексеру және диагностикалау, жергілікті жерлерде профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде қабылданатын шаралардың кезеңдері қаралды. Мамандардың зертханалық ақпараттық жүйемен жұмысына тоқсандық талдау жасалды, нақты мысалдардағы қателіктер қаралып, ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, пневмоцисттік пневмонияның алдын алу бойынша ақпарат берілді.

Оқыту семинарына облыстың 30-дан астам медициналық ұйымдары қатысты.