Өлшем-мөлшермен емес, мақсатпен өмір сүр!
Павлодар қаласының теміржол вокзалында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Өлшем-мөлшермен емес, мақсатпен өмір сүр!» ұранымен ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті. Іс шараны облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелері ұйымдастырды.
Акцияға Павлодар облысының АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының, Психикалық денсаулық орталығының мамандары және жастар қозғалысының волонтерлері қатысты.
Теміржол вокзалына келушілер мен жолаушылар инъекциялық есірткі қолданудың зияны, АИТВ-ның алдын алу туралы кеңестер алып, АИТВ-ға тегін шұғыл тестілеуден өтуге, контрацептивтерді, парақшалар мен брошюраларды алуға мүмкіндік алды.
Акция «Павлодар-Алматы» жолаушылар пойызында жалғасты, онда жолаушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Жалпы, іс-шара нашақорлық мәселесіне және жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуына назар аудару, халықпен профилактикалық жұмысты жандандыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.