31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні
«Жастарды темекі өнеркәсібінің айла – шарғысынан қорғау» – осындай ұранмен үстіміздегі жылдың 31 мамырында Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күні өтеді. Бұл ұран жастарды зиянды тәуелділіктен қорғауға және темекі корпорацияларының денсаулық сақтау саясаты мен қоғамдық пікірге әсерін болдырмауға арналған «Өтірік айтуды тоқтат» Жаһандық халықаралық науқанының бөлігі болып табылады.
Барлық темекі шегушілердің жартысы мерзімінен бұрын қайтыс болады. Темекі сатылымы төмендемей, пайда өсуі үшін индустрия үнемі жаңа тұтынушыларды, негізінен жас және дені сау тұтынушыларды тартуы болды. Бүкіл темекі бизнесі негізінен өз тұтынушыларын баяу өлтіретін уларды сатуға негізделгенін ескере отырып, компаниялар оларға ұзағырақ «қызмет көрсетуіне» мүдделі болған. Сондықтан өтірік жарнаманың ең үлкен қысымына жастар ұшырайды. Темекі компаниялары жастардың сенімі мен қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі тактиканы қолданады. Ментол және хош иісті темекі, сондай-ақ тәтті дәмі мен тартымды дизайны бар электронды темекі жас ұрпақ арасында өнімді танымал етуге ықпал етеді, ал бұл тұтынушыларға олардың теріс әсерлері туралы ақпарат шектеулі. Бүгінгі таңда қатерлі ісіктің барлық жағдайларының 25% – темекі шегуден туындаған өкпе рагы екені белгілі. Жыл сайын темекі шегуден 8 миллионнан астам адам өледі.
ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде шамамен 1,1 миллиард темекі шегуші бар. 2022 жылғы мәліметтер бойынша 13 пен 15 жас аралығындағы 37 миллион жас темекі шегетіндер. Қазақстандағы көрсеткіш әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі – 22,4% немесе 2,822 мың адам, оның ішінде 42,4% ерлер және 4,5% әйелдер. 25-44 жас аралығындағы ең белсенді тұтынушылар.
Қазақстанда темекі шегумен күресу үшін шаралар қабылдануда: темекі өнімдерін сатып алу үшін жас шегі 18-ден 21 жасқа дейін ұлғайтылды. Сауда орындарында, сондай-ақ қыздырғыш темекіден, кальянға арналған темекіден, электрондық тұтыну жүйелерінен және олар үшін сұйықтықтардан жасалған бұйымдарды орналастыруға және жарнамалауға тыйым салынды. Шылым шекпейтін темекі өнімдерін әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынады. Темекі шегудің зияны туралы графикалық ескертулердің мөлшері ұлғайтылды. Ағымдағы жылдың қаңтарында Мәжіліс темекі өнімдерін тұтынуды шектейтін заң жобасын мақұлдады, оған сәйкес вейптерді сату үшін ең жоғары жаза 50 тәулікке дейін қамауға алу, ал әкелу және тарату үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады. .
Бұдан басқа, халық арасында темекі өнеркәсібінің ықпалын төмендетуге бағытталған бірқатар халықаралық Конвенциялар, бағдарламалар, Тұжырымдамалар, Жаһандық стратегиялар және т.б. қабылданды.
Өткізілетін Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күні жасөспірімдер мен жастардың темекі шегудің адам ағзасына зиянды әсері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, жауапты мінез-құлық және темекі шегуден бас тарту дағдыларын қалыптастыруға, денсаулықты сақтау және нығайту, балалар мен жастарды темекіге тәуелділіктен қорғау пайдасына қоғамдық оң пікір қалыптастыруға бағытталған.