30 мамыр – Дүниежүзілік астма мен аллергияға қарсы күрес күні
Дүниежүзілік демікпе күні 1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп демікпеге қарсы Жаһандық бастамамен басталды және жыл сайын бүкіл әлемде бронх демікпесі туралы хабардарлықты арттыру үшін өткізіледі.
Дүниежүзінде сырқаттанушылық көрсеткіші өнеркәсібі дамыған аймақтарда өсуде. ДДҰ бүкіл әлемде 339 миллионнан астам адам демікпемен ауырады деп есептейді. Жыл сайын 180 мың өлім бронх демікпесімен байланысты. Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы деректері бойынша, Қазақстанда демікпемен ауыратын адамдардың саны, 100 000 тұрғынға шаққанда 100,9 жағдайды құрады.
Демікпе – балалар мен ересектерге әсер ететін жұқпалы емес аурулардың бірі. Тұншығу шабуылдары тыныс алу жолдарында қабынуды тудыратын және тарылуға әкелетін иммундық жүйе жасушаларының жұмысындағы бұзылулардан туындайды. Демікпенің дамуына ішкі – генетикалық факторлар да, сыртқы – аллергендер де (жануарлардың жүні, өсімдік тозаңы, күшті иісті сабын, парфюмерия және т.б.), темекі түтіні, өндірістік шаң, атмосфералық ластану себеп болуы мүмкін. Егер ата-аналардың біреуі аурумен ауырса, балаларда демікпе қаупі 2,5 есе, ал екеуі де ауырса, 6,6 есе жоғары екені анықталды.
Симптомдарға жөтел, ысқырықты сырылдар, ентігу, кеудедегі қысылу сезімімен көрінуі мүмкін. Бұл белгілер жеңілден ауырға дейін өзгереді, мезгіл-мезгіл пайда болуы және кетуі мүмкін, көбінесе түнде немесе жаттығу кезінде нашарлайды. Кейбір жағдайларда демікпе белгілері суық тигенде немесе ауа-райының өзгеруінде күшеюі мүмкін.
Демікпе – бұл ауыр ауру, бірақ оны дұрыс емдеу және қоздырғыш факторларды жою және үйде симптомдарды жеңілдету жолдары арқылы бақылауда ұстауға болады.
Қазақстанда бронх демікпесінен сырқаттанушылықты, асқынуларды және халықтың өлімін азайту мақсатында ДСМ Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде дәлелді медицинаға негізделген созылмалы ауруларды динамикалық бақылау және басқару бағдарламаларын енгізе отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бронх демікпесі ТМККК шеңберінде емдеуге арналған препараттармен қамтамасыз ету бойынша басым бағыттарда орналасқан және қажетті базистік ингаляциялық құралдардың барлық спектрін қамтиды