Зертханашылар қоғамына – АИТВ-инфекциясын диагностикалаудың жаңа әдістері туралы
Павлодар қаласының №5 емханасында халықты АИТВ-инфекциясына шұғылс-тестілеуді енгізу, зерттеудің жаңа түрлерін енгізуге байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарға дәрігер-зертханашылар, аға зертханашылар, медициналық ұйымдардың зертханашылары қатысты. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі М.Б. Жұматаева жаңа шұғыл-тестілеу, халықтың АИТВ-инфекциясына зертханалық диагностикалау әдістері мен кезеңдері туралы егжей-тегжейлі айтып, практикалық мысалдармен дәлелдеді.
Семинар барысында қант диабетін зертханалық диагностикалау мен мониторингке кешенді көзқарас мәселесі де қарастырылды.