АӨА құқықтық қорғау
«АИТВ-инфекциясы» диагнозы қойылған адамдарды құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерімен, атап айтқанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі». Бұл біздің еліміздегі мемлекеттік, қоғамдық және жеке органдар мен ұйымдардың орындауға міндетті заңы.
Кодекстің 99-бабы АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған. АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету бөлігінде 106-бапқа сәйкес мемлекет:
- құпия медициналық тексерудің қолжетімділігі мен сапасы;
- динамикалық бақылауды қамтамасыз ету;
- психоәлеуметтік, заңгерлік және медициналық кеңес беру;
- кепілдік берілген көлемде тегін медициналық көмек көрсету;
- АИТВ-инфекциясының анадан ұрыққа және балаға берілу қаупін төмендету бойынша профилактикалық шараларды жүзеге асыру;
- әлеуметтік құқықтық қорғау.