Меню KDT

Жаналықтар

poster

Павлодар облысында 22 сәуірден бастап Еуропалық иммундау апталығы басталды

Өткізілетін иммундау апталығының мақсаты – жұқпалы аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, халықты екпелермен қамту деңгейін арттыру, ұжымдық иммунитеттің рөлі туралы хабардар ету, халықтың ортақ жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Иммундау апталығын өткізу кезеңінде медицина қызметкерлерінің күш-жігері қандай да бір себептермен ұсынылған мерзімдерде профилактикалық егулерді уақтылы алмаған халықтың белгілі бір топтарын вакцинациялауға бағытталатын болады.

Вакцинаны тұрғылықты жері бойынша АМСК ұйымдарында тегін алуға болады.

Сіз өзіңіздің статусыңыз және вакцинация жүргізу туралы ақпаратты тұрғылықты жеріңіздегі емханадан ала аласыз.