ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚҚА ҰСЫНЫСТАР ЖАРИЯЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мыналарды ұсынады:
1. Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;
2. Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;
3. Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;
4. Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;
5. Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;
6. Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.