Меню KDT

Жаналықтар

poster

«Центрально-Азиатская Ассоциация людей, живущих с ВИЧ в Республике Казахстан» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерімен кездесу

Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында «Центрально-Азиатская Ассоциация людей, живущих с ВИЧ в Республике Казахстан» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Бірлестік «Қазақстан Республикасында халықтың негізгі топтарына және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ұсынылатын мониторинг бойынша қызметтер» жобасын іске асырумен айналысады. Жоба командасы мен серіктестері Қазақстанда ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметтерінің сапасын бағалауды жүргізді. Халықтың негізгі топтарына сауалнама жүргізу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, оның барысында бірқатар кедергілер анықталды.
Топ өкілдері мониторинг нәтижелерімен бөлісіп, одан әрі жұмыс жоспарын белгіледі.