Емшекпен емізу және АИТВ
Көптеген әйелдер емшек сүтімен емізудің пайдасын біледі. Болашақ аналардың 90 пайыздан астамы нәрестені емшек сүтімен емізуді қалайтынын және дайын екенін мәлімдейді.
Әдетте, дәрігерлер емшек сүтімен емізуді ерте бастауды, ана мен баланың бір палатада тәулік бойы бірге болуын, медициналық көрсеткіштерге байланысты жағдайларды қоспағанда, кесте бойынша емес, баланың қалауы бойынша емізуді ұсынады.
Өкінішке орай, медициналық көрсеткіштерге байланысты осындай жағдайлардың бірі - әйелде АИТВ-инфекциясының болуы. Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының мәліметі бойынша, АИТВ-мен өмір сүретін жүкті әйел жүктіліктің соңғы бірнеше аптасында және босану кезінде балаға ауруды жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ, АИТВ балаға емшек сүтімен беріледі, өйткені АИТВ емшек сүтінде қалыптасады.
Антиретровирустық (АРВ) препараттарды қабылдау кезінде, Сіз жүкті бола аласыз, оны көтере аласыз және дені сау бала туа аласыз - оған АИТВ жұқтыру қаупі аз болады. Бұл дискордантты жұптарға да қатысты (серіктестердің біреуі ғана АИТВ-мен өмір сүрген кезде) және екі серіктес те АИТВ-позитивті болған жағдайларда. Негізгі мәселе — АРВ терапиясын дұрыс қабылдау және ананың анықталмайтын вирустық жүктемесіне қол жеткізу, сондай-ақ басқа да алдын алу шараларын қолдану. Арнайы профилактикасыз АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі 20–40% құрайды, бірақ алдын алу шаралар оны 1-2% дейін төмендетеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы ҚРДСМ-211 бұйрығына сәйкес жүкті әйелдер АИТВ-инфекциясының бар - жоғына екі рет- жүктілік бойынша және 28-30 апта мерзімінде есепке қою кезінде міндетті түрде тексерілуге жатады. Жүкті әйелдің жыныстық серіктестері міндетті тексеруден өтеді.
Егер АИТВ-инфекциясының статусы расталса, онда емдеуді дереу бастау керек және оны өмір бойы жалғастыру керек.
АИТВ жұқтырған әйелдің баласына АИТВ-инфекциясының дамуын болдырмау үшін ол туылғаннан кейін алты апта ішінде емдеу тағайындалады. Егер жүкті әйелде анықталмайтын вирустық жүктеме болмаса, оған кесарь тілігі ұсынылуы мүмкін, өйткені бұл табиғи босанумен салыстырғанда балаға АИТВ-ны беру қаупін айтарлықтай төмендетеді.